«Олар мен үшін бәрі! Қалай шақырсам да бәрін түсіндіреді, бәрін жасайды, бәріне көмектеседі. Қыздардың бәрі жақсы, ар-ожданы мол, еңбекқор! Құдай оларды жарылқасын! Мен сияқты жүре де, отыра да алмайтын, тек жатып алатын мүгедек жандардың қамқорлығы үшін алғыс айтамын», - дейді әйел.

Айта кетейік, «Ақкөл» жедел жәрдем қосалқы станциясында фельдшерлер Олеся Шиленкова, Марина Малярчук, Юлия Колесова, Кристина Монахова, Светлана Черняева, Диана Кадралимова, Евгения Рыкунова, Ирина Собко жұмыс істейді.