Материалы

Қалалық және ұялы телефоннан "103" нөміріне қоңырау шалу тегін және тәулік бойы

Жедел медициналық жәрдем бригадалары оқиға орнында да, жол жүру жолында да өмірге қауіп төндіретін (пациент және/немесе айналасындағылар) жағдайларда, жазатайым оқиғаларда, өткір ауыр ауруларда ересектер мен балаларға тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы бармайды:

үйде адам қайтыс болды деп мәлімделген жағдайларда;

алкогольдік және есірткілік масаңдыққа куәландыру жүргізбейді;

қайтыс болғаны туралы медициналық дәрігерлік куәлік берілмейді;

еңбекке жарамсыздық парақтары мен дәрі-дәрмектерге арналған рецепттер берілмейді.

Диспетчерге не айту керек:

науқастың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жасы және жынысы;

науқастың жағдайы және жазатайым оқиға немесе ауру жағдайлары туралы қысқаша мәліметтер;

мекенжайы мен телефоны, кіреберіс есігінің коды, сондай-ақ пациенттің орналасқан жеріне жол жүру бойынша болжамды деректер.

Миссия

Медициналық ғылым мен техниканың заманауи жетістіктерін пайдалана отырып, мемлекеттің құқықтық нормаларын бұзбай, дәрігерлік мейірімділікті, жанашырлықты және науқас адамға көмектесуге деген ұмтылысты сақтай отырып, сапалы және уақтылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету арқылы адамның өмірін сақтап қалуға, адамның қайғы-қасіретін жеңілдетуге жәрдемдесу.

Мақсаттары

  1. Медицина ғылымы мен техникасының заманауи жетістіктерін пайдалана отырып, сапалы және уақтылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету;
  2. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру;
  3. ЖМК қызметкерлерінің құқықтық білім деңгейін арттыру;
  4. ЖМК қызметкерлерінің қауіпсіздік деңгейін арттыру;
  5. Ұйымшыл ұжымды және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру;

Міндеттері

Медицина ғылымы мен техникасының заманауи жетістіктерін пайдалана отырып, сапалы және уақтылы жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету.

І. Дәрігерлік қызметтер – 7 орын;

1.Целиногорад ауданы, Ақмол а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының жедел медициналық жәрдем дәрігері, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі жоғарғы медициналық, «Жедел медициналық жәрдем дәрігер» мамандығы бойынша маман сертификаты.

2.Бурабай ауданы, Бурабай п. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының жедел медициналық жәрдем дәрігері, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі жоғарғы медициналық, «Жедел медициналық жәрдем дәрігер» мамандығы бойынша маман сертификаты.

3.Көкшетау қ. орталық жедел медициналық жәрдем станциясының жедел медициналық жәрдем дәрігері, 5 орын, оның ішінде терапевт дәрігері -2 орын, педиатр дәрігері -2 орын, психиатр дәрігері-1 орын, қойылатын талаптар: білімі жоғарғы медициналық, «Жедел медициналық жәрдем дәрігер», «Терапия», «Педиатрия», «Психиатрия» мамандығы бойынша маман сертификаты.

ІІ. Ортаңғы медициналық қызметтер - 13 орын;

  1. Астрахан ауданы, Жалтыр а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының фельдшері, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.
  2. Егіндікөл ауданы, Егіндікөл а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының фельдшері, 1 орын (негізгі қызметкердің болмаған уақытында), қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.
  3. Біржан Сал ауданы, Степняк қ. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шақыруларды қабылдау және оларды бригадаларға беру бойынша фельдшері, 3 орын, қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.
  4. Есіл ауданы, Есіл қ. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шақыруларды қабылдау және оларды бригадаларға беру бойынша фельдшері, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.
  5. Зеренді ауданы, Бірлестік а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының фельдшері, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.
  6. Степногорск қ. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының фельдшері, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.
  7. Целиноград ауданы, Қосшы а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының фельдшері, 3 орын, қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.
  8. Целиноград ауданы, Кабанбай батыр а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының фельдшері, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.
  9. Шортанды ауданы, Жолымбет а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының фельдшері, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі тех/ арнаулы, «Емдеу ісі» мамандығы бойынша маман сертификаты.

ІІІ. Жүргізуші қызметі  - 6 орын

  1. Целиноград ауданы, Қосшы қ. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының жүргізушісі, 3 орын, қойылатын талаптар: жүргізуші лауазымда 3 жылдан кем емес еңбек өтілі, 1 немесе 2 класс жүргізушінің куәлігі.
  2. Целиноград ауданы, Қабанбай батыр а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының жүргізушісі, 1 орын, қойылатын талаптар: жүргізуші лауазымда 3 жылдан кем емес еңбек өтілі, 1 немесе 2 класс жүргізушінің куәлігі.
  3. Целиноград ауданы, Қоянды а. жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының шығу бригадасының жүргізушісі, 3 орын, қойылатын талаптар: жүргізуші лауазымда 3 жылдан кем емес еңбек өтілі, 1 немесе 2 класс жүргізушінің куәлігі.

 IV.Басқа қызмет – 1 орын

  1. Көкшетау қ. орталық жедел медициналық жәрдем станциясының бағдарламашысы, 1 орын, қойылатын талаптар: білімі жоғарғы немесе техн/арнаулы «Бағдарламамен қамтамасыз ету», «Есептеу техникасының операторы» мамандығы.

жұмыс телефоны – 8 716 2 26 47 49, 

тел/факс – 8 716 2 26 47 49

Жеке сұрақтар бойынша қабылдау күні мен уақыты: сейсенбі, бейсенбі күндері, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін  

2. Директордың ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары  - Казизова Асемгуль Кабиденовна, жоғарғы санатты дәрігер

3. Емдік-ұйымдастыру бөлімнің жетекшісі - Базарбекова Сапура Ращитовна, жоғарғы санатты дәрігер,     

4. Азаматтық қорғаныс және шұғыл бөлімнің жетекшісі – Беспалова Ирина Александровна

5. Ішкі бақылай және науқастарды қолдау қызметінің жетекшісі - Исмагамбетова Карлыгаш Ермековна, жоғарғы санатты дәрігер, 

жұмыс телефоны 8 716 2 72 30 33

6. Бас  бухгалтер – Шукенова Каракоз Раисовна

7Бас  экономист – Шамекешева Алия Маратовна

8. Бас  фельдшер – Байтуканова Бибигуль Есхановна, жоғарғы санатты фельдшер

9. Адам ресурстарды басқару қызметінің жетекшісі  – Аубакирова Гульнара Серболатовна

10. Заңгер – Шукенов Талгат Кошанович

11. Санитарлық көліктің шығуын қамтамасыз ету бойынша механигі -Баяганов Алмас Кенесович

12. Бағдарламашы - Сызкен Біржан Төребекұлы

Атауы Жүктеу
1  2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталатын жылдағы бухгалтерлік баланс

 

  

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2

Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.

Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..

Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.

Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.


 

 

Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы дөңгелек нысанды. Бұл – Ұлы дала көшпенділері айрықша қастер тұтқан өмір мен мәңгіліктің символы.

Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Көк күмбезін еске салатын және Еуразия көшпенділерінің дәстүрлі мәдениетінде тіршіліктің негізгі бастауының бірі боп саналатын шаңырақ – киіз үйдің басты жүйе құраушы бөлігі. Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы шаңырақ бейнесі – елімізді мекендейтін барлық халықтардың ортақ қонысының, біртұтас Отанының символы. Шаңырақтың мықтылығы мен беріктігі оның барлық уықтарының сенімділігіне байланыстылығы секілді, Қазақстанда бақытқа жету әрбір азаматтың аман-есендігіне байланысты.

Аңыздағы қанатты тұлпарлар Мемлекеттік елтаңбадағы өзекті геральдикалық элемент болып саналады. Бағзы замандағы тұлпар бейнесі батылдықты, сенімділікті және ерік күшін танытады. Пырақтың қанаты Қазақстанның көпұлтты халқының қуатты және гүлденген мемлекет құру туралы ғасырлар бойғы тілегін аңғартады. Олар – шынайы ой-арман мен ұдайы жетілуге және жасампаз дамуға ұмтылыстың көрінісі. Сонымен қатар, арғымақтың алтын қанаттары алтын масақты еске салады, қазақстандықтардың еңбексүйгіштігін және еліміздің материалдық игілігін танытады.

Өткен ғасырларда мүйіз көшпенділердің табынушылық ғұрыптарында, сонымен қатар, жауынгерлік тудың ұшына орнату үшін белсенді пайдаланылған. Көктің сыйын, жердің игілігін, жорықтың жеңісін әртүрлі жануарлардың мүйізі арқылы бейнелеу көптеген халықтардың символдық композицияларында елеулі орын алды. Сондықтан молшылық әкелетін мүйізі бар қанатты тұлпар семантикалық және тарихи түп-тамыры терең маңызды типологиялық образ болып саналады.

Республиканың Мемлекеттік елтаңбасындағы тағы бір деталь – бес бұрышты жұлдыз. Бұл символды адамзат ежелгі заманнан бері пайдаланып келеді, ол адамдардың ақиқат сәулесіне, барлық игі аңсарларға және мәңгілік құндылықтарға деген ұдайы ұмтылысын білдіреді. Мемлекеттік елтаңбада жұлдыздың бейнеленуі қазақстандықтардың әлемнің барлық халықтарымен ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға ниетті ел болуға деген талпынысын танытады. Қазақстан тұрғындарының жүрегі мен құшағы бес құрлықтың өкілдері үшін қашанда ашық.

Елтаңбада қолданылған негізгі түс – алтынның түсі. Бұл – байлықтың, әділдіктің және кеңпейілділіктің символы. Сонымен қатар, көгілдір аспан түстес тудың түсі алтынның түсімен үйлесім тауып, ашық аспан, бейбітшілік және бақуат тіршілік ұғымдарын танытып тұр.


Гимн – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Гректің «gimneo» сөзінен шыққан «гимн» термині «салтанатты ән» деген мағынаны білдіреді. Гимн ел азаматтарын тиімді әлеуметтік-саяси тұрғыдан топтастырып, этномәдени тұрғыдан теңдестіру үшін негізгі мәнге ие, маңызды дыбыстық рәміз саналады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік гимні екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.

Республика мемлекеттік егемендігін иеленгеннен кейін, 1992 жылы Қазақстан әнұранының музыкасы мен мәтініне байқау жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақ КСР гимнінің музыкалық редакциясын сақтау туралы шешім қабылданды. Осылайша тәуелсіз Қазақстанның алғашқы гимінің музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский және Латиф Хамиди болды. Сонымен қатар, үздік мәтінге жарияланған байқауда авторлар ұжымы, белгілі ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев және Жадыра Дәрібаева жеңіп шықты.

Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа мемлекеттік гимн қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды. Ол әнді Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің сөзіне жазған болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әнге мемлекеттік гимн жоғары мәртебесін беру және анағұрлым салтанатты шырқалуы үшін музыкалық туындының бастапқы мәтінін өңдеді. Қазақстан Парламенті 2006 жылы 6 қаңтарда палаталардың бірлескен отырысында «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа тиісті түзету енгізіп, еліміздің жаңа мемлекеттік гимнін бекітті.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой! 

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай,
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!