2024 жылдың 22 ақпанында "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК директор Р.С.Сәдірқожаевтың басшылығымен медициналық кеңесі өткізілді. 
Күн тәртібінде екі мәселе айтылды: бірінші мәселе бойынша емдеу-ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Базарбекова Сапура Ращитовна сөз сөйледі : 2023 жылғы ОЖМЖС қызметінің қорытындысы.
Екінші мәселе бойынша "SENIM" кәсіподақ комитетінің төрағасы Байтуканова Бибигуль Есхановна 2023 жылғы ОЖМЖС кәсіподақ комитеті қызметінің есебімен  сөз сөйледі.