Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі PDF Печать E-mail
Добавил(а) 103   
24.01.17 12:13

 

Қазақстандықтарда мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа тетігі бар


         2013 жылдан бастап Қазақстанда Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (бұдан әрі – МБЖЖ) іске қосылды.

Жүйе Қазақстан Республикасының әрбір азаматына өзінің немесе баласының атына келешекте Қазақстан мен шетел колледждерінде және ЖОО-ларында оқудың ақысын төлеу үшін жұмсауға болатын білім беру жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді. «Қаржы орталығы» АҚ осы жүйенің операторы болып табылады.

Бүгінгі таңда жүйе бойынша 16 500-ға жуық білім беру жинақтау салымы ашылды.

 

         Білім беру жинақтау салымына МБЖЖ-ға қатысушы банктен ай сайын жылдық -13%бастап (ЖТМ – 14%)  мөлшерінде сыйақы мен жыл сайын 5% немесе 7% (басымдылықты санаттағылар үшін) мөлшерінде мемлекеттен сыйлықақы есептеледі:

Білім беру жинақтау салымының ерекшелігі:

  • Табыс түрі ретінде мемлекет сыйлықақысына салық төленбейді;
  • Білім беру жинақтау салымдары 10 млн.теңгеге дейін Қазақстандық салымдарды кепілдендіру қорының нысаны болып табылады;
  • Минималды бастапқы жарна – 3АЕК (2017ж. 6 теңге);
  • Жинақтау мерзімі – 20 жылға дейін;
  • Мемлекет атынан ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепіл болуымен банктен білім беру кредитін алуға мүмкіндік бар.

 

Білім грантын иеленген жағдайдағы салымшының құқықтары:

  • жинақты есептелген мемлекет сыйлықақысымен бірге алу;
  • ақшаны басқа баланың атына аудару;
  • білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыру;

 

* Мемлекет сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады және салым бойынша табыстылық 21% дейін жетеді. Осының арқасында салымшы білім беру қызметін сатып алу кезінде 40-60% дейін ақшасын үнемдейді.

Білім беру жинақтау салымын ашу үшін мыналар қажет:

1-қадам– МБЖЖ-ға қатысушы банктердің бірін таңдау.

2-қадам– Білім беру жинақтау салымын ашу.

3-қадамБастапқы жарнаны салу.

 

Құжаттар:

- жеке куәлігі;

-баланың туу туралы куәлігі және ЖСН.

Кеңес алу үшін "Қаржы орталығы" АҚ-ға хабарласыңыздар:

Тегін жедел желі: 8 800 080 28 28. Тел.: 8 7172 695 044, 695 045, 695 047
Мекенжайы: Астанақ., Мәңгілік 
ел даңғ., 8

 

 

 

Разработка и поддержка: ТОО "PVLHOST"