| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | "Жедел медициналық көмек шақырту" мемлекеттік қызмет стандарты" |
1-қосымша
Жедел медициналық жәрдем,
оның ішінде медициналық
авиацияны тарта отырып
көрсету қағидаларына
"Жедел медициналық көмек шақырту" мемлекеттік қызмет стандарты
|
1 |
Қызмет берушінің атауы |
Денсаулық сақтау субъектілері. |
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Денсаулық сақтау субъектілері, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы. |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Диспетчер шақыртуды алған сәттен бастап оны өңдеу уақыты бес минутты құрайды, оның ішінде шақыртудың жеделділік санаты бойынша іріктеу жүргізіледі. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Қағаз түрінде/электронды. |
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Жедел медициналық көмек шақырту. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Тәулік бойы |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтер |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көзделмеген. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Денсаулық жай-күйінің бұзылуы жағдайында азаматтардан "103" нөмірі бойынша шақыртулар. |









