Көкшетау қаласының "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК (бұдан әрі - ЖМЖС) 2022 жылы 100 000 000 теңгеден астам дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуға жоспарланған болатын. "СК-Фармация" бірлігінен 59 300 000 теңге соммасына дәрі-дәрмектер сатып алынды. Мемлекеттік сатып алу әдісімен 40 000 000 теңгеден астам соммаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды. ЖКС St көтерілген кезінде пациенттерге жедел шұғыл көмек көрсету үшін 22 500 000 теңге соммасына "Актилизе" дәрілік заттар сатып алынды.
Ересек тұрғындар мен балаларда асқазан ішек жолдарының аурулары кезінде көмек көрсетуге 3 280 000 теңге сомасына дәрілік заттар сатып алынды.
Өкпе сырқаты (ХОБЛ,БА) бар халыққа көмек көрсету үшін 5 000 000 соммаға дәрілік саттар сатып алынды .
Балаларға көмек көрсету үшін (Небулайзерлік терапия, қызуды түсіретін суппозиторийлер, сироптар ) 620 мың теңгеге сатып алынды.
Сондай - ақ, жол-көлік оқиғалары, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету үшін 8 000 000 теңгеден астам соммаға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар сатып алынды. Осылайша облыстың жедел жәрдем бригадалары дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен толық көлемде жарақтандырылды.