Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Анонс

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы 1Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы1 ШЖҚ МКК "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2026 жылғы маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Мүдделі тұлғалар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 7-тармағында айқындалған тәртіппен жұмыс тобының құрамындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады. Талдауға қатысу мәселелері бойынша Комплаенс-офицер Т.К.Шукеновке 2026 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: (7162) 26-47-49.