Құрметті Ақмола облысының және Көкшетау қаласының тұрғындары!

Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Сіздердің назарларыңызға бекітілген стандартқа сәйкес «Жедел медициналық жәрдем шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі туралы ақпаратты ұсынады. Жедел медициналық жәрдем шақыру 103 нөмірі бойынша жүзеге асырылады.

Қызмет тәулік бойы және тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі шақыру жеделдігінің санатына байланысты. І санат жедел жәрдем келу уақыты 10 минут. ІІ санат 15 минут. ІІІ санат 30 минут. ІV санат 1 сағат.

ІV санаттағы шақыртуға өздеріңіз бекітілген емхана  жедел жәрдемі қызмет көрсетеді.

Жедел жәрдем шақырған кезде пациенттің аты-жөні, жасы, жынысы көрсетілуі тиіс. Пациенттің жай-күйі және ауыру мән-жайы, мекенжайы мен телефоны бойынша деректер, сондай-ақ пациенттің мекенжайына тез жету жолын хабарлау керек. Жедел медициналық жәрдемді шақыру мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша Сіз 72-30-33 телефоны арқылы Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне жүгіне аласыз. Call- центр ОЖМЖС  -72-32-86.