Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК 2021 жыл үшін мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
- Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы "Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы" ШЖҚ МКК
2) Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саны 1,
- "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны -0;
тегін негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-282 583 қызмет, ақылы негізде-0 қызмет;
қағаз түрінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саны-282 583 қызмет, электронды түрде-282 583 қызмет;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын бекітілген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің саны;
- Қызмет алушылармен жұмыс
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер:
Мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мақсатында, Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат "ОЖМЖС" ШЖҚ МКК ресми сайтында орналастырылған https://103-kokshe.kz/ru/. көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ұйымның деректер стендінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша орналастырылған.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын көпшілік талқылау туралы ақпарат:
Көпшілік талқылаулар үшін мемлекеттік органдардың қызметі туралы есептер "ОЖМЖС" ШЖҚ МКК ресми сайтында орналастырылады, онда әрбір көрсетілетін қызметті алушы есеппен таныса алады және түсініктемелер қалдыра алады.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар):
2021 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шаралары жүргізілді, оның ішінде: 1 Тікелей эфир, 1 жарияланым, әлеуметтік желілердегі ақпарат (Инстаграм және телеграмм).
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкерлері ұйым қаражаты есебінен мамандандырылған біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін нормативтік-құқықтық жетілдіру.
4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат:
1) 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдар түскен жоқ.
2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері
- медицина қызметкерлерімен қолданыстағы заңнама нормативтері және Мемлекеттік қызмет көрсету ережелері туралы тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
- медициналық ұйымдардың басшыларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бақылауды күшейтуге нұсқау берілді. Аталған бұзушылықтарға жол берген бақылау объектілеріне оларды жою және кінәлі адамдардың жауаптылығын қарау жөнінде ұсынымдар енгізілді.
- Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында 2022 жылға келесі іс-шаралар жоспарланған:
2021 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг ұсынымдарын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңес өткізу;
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету бойынша күнделікті мониторинг;
көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету, өтініштер үшін негіз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша түпкілікті шаралар қабылдау;
Сұрақ қою