ОМ4 9 сынып оқушылары жедел жәрдем станциясына экскурсияға шақырылды. Болашақ түлектер
Атбасар жедел жәрдем қызметінің 65 жылдығын мерекелеуге орай олардың қызметімен танысты. Азаматтарымыздың денсаулығы үшін еңбек ететін медицина қызметкерлерінің қиын, бірақ өте қажет, маңызды жұмысы туралы ақпаратты балалар қызығушылықпен тыңдады.