Аталған шараны Егіндікөл ауданының жедел жәрдем қосалқы подстанция мамандары бастады. Құрметті әріптестер, достар мен туыстар! Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт - береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!