Жаңа типтік жедел жәрдем ғимаратын салу, қызметті қаржыландыру, медицина қызметкерлері мен жүргізушілердің еңбекақысын арттыру, медицина қызметкерлерінің біліктілік санаттарын төлеу, жаңа нысанды киім үлгісін алу бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
Жедел жәрдемнің шұғыл шақыртуға баруы немесе ауыр науқасты тасымалдауы, ал жүргізушілер жедел жәрдем көлігін өткізбей жатып, апатқа ұшырау жағдайлары бөлек тақырып болды. Дәл осындай оқыс оқиға 2022 жылдың 21 ақпанында сағат 15:45-те Назарбаев пен Северная көшелерінің қиылысында бригада инсультпен ауыратын науқасты инсульт орталығына жеткізіп жатқан кезде болды. Басшы көлік жүргізушілері мен жол қозғалысына қатысушы азаматтарды барынша сақ болуға шақырды.
Жиынды қорытындылай келе, басшы жедел жәрдем қызметкерлерінің қажырлы еңбегін тағы бір мәрте бағалап, оларға алдағы уақытта табыс, кәсіби біліктілік, қызметтің одан әрі дамуын тіледі.