Ағымдағы жылдың 3 маусымында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы (бұдан әрі – ОЖМЖС) директорының орынбасары А.Қазизованың төрағалығымен «Магистральді артерия тромбозы этиологиясы, клиникасы, асқынуы, жедел жәрдемі және науқас маршруты» бойынша семинар өтті.

Бас спикер ретінде қалалық көпбейінді аурухананың хирург дәрігері М.Жанапин сөз сөйледі.

Семинарға 50-ден астам ОЖМЖС медициналық қызметкерлері қатысты.

М.Жанапин семинарға қатысушыларға тромбоз клиникасы, себептері туралы айтып берді. Ол тромбоз диагнозына толығырақ тоқталды. Спикер қандай қателіктерден аулақ болу керектігін, дұрыс диагноз қою керектігін түсіндірді. Осылайша спикер тромбоз кезінде медициналық көмек көрсету бойынша жалпы шолу жүргізді және семинар соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Семинарды ОЖМЖС директорының орынбасары А.Казизова қорытындылап, дәріскерге мазмұнды ақпараты үшін алғысын білдірді.ъ