103 қоңарауына баланың жан ұшыра жылаған үйге шақырту қоңырауы түсті. Менің анам биіктен құлап қалды. Тез келіңіздерші, анамды құтқарыңыздаршы деген жылаған, аянышты дауыс құлағымда қалды. Мекен жайын сұрап тез арада жолға шықтық. Мен бірден 101 төтенше жағдай қызметіне (әрі қарай -ТЖ) қоңырау шалып мән – жайды түсіндіріп. Соңымыздан ТЖ бізге ілесе шықты. Тәжірибелі хедел жәрдем жүргізушісі Қайрат Аубакиров көз ілеспес жылдамдықпен оқиға орнына жеткізді. Ұзындығы 2м темір құбыр әйелдің артқы өкпе тұсынан кіріп, жүрек тұсынан шығып тұр. Қан судай ағып жатыр. Науқас: «Дем алуым өте қиын болып тұр» деді. ТЖ бригадасы темірдің денесінен шығып тұрған артық жерін кесіп алып тастады. Жедел жәрдем фельдшері Ақтоты Мұқатқызы науқасқа алгоритм бойынша алғашқы көмек көрсетіп, тез арада Астрахан аудандық емханасына жеткізді. Науқасқа шұғыл түрде өз ісінің хас шебері хирург М.К.Қалдыбаев және С.С.Джуманов ота жасап, Алланың қалауымен науқасты ажал аузынан құтқарып қалды. Арада 3 жұма өткенде қабылдау бөлмесінде сол келіншек науқас әкеліп отырған жедел жәрдем фельдшері Ақтоты Мұқатқызын танып, алғысын айтады.
Міне бәріміз жұдырықтай жұмылып телефон соққан баланың анасын аман алып қалдық.
Дәл осылай халықтың алғысын алып, жүре беріңіздер періште әріптестерім!
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/283-bol-an-o-i-a.html#sigFreeId93f6e68b18