Міне, біздің саламызда қызмет істейтін әрбір дәрігер, фельдшер, медбике, көлік жүргізуші, басқа қызметкерлер, қайсысы болсын тұрғындардың осы сенімі мен үмітін жақсы түсінеді. Сондықтан да, әр минутты босқа өткізбей, қысылып, қиналып жатқан адамға тез жетіп, көмектесуге асығады. Осылайша, көптеген жылдар бойы бірге жұмыс істеген қызметкерлер әбден машықтанып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып дегендей жұмыла жұмыс жасайды. Бәрін де тек қана түпкі нәтиже – адам өмірін сақтап қалу мазалайды. Осындай аса жауапты жұмыс адамдарды табыстырады, дос-жолдас етеді, өзара үлкен сыйластық қалыптасады.
Облыстық жедел жәрдем стансасында барлығы 829 адам қызмет істейді. Оның ішінде 29 дәрігер, 469 орта медициналық қызметкер, 26 кіші медициналық қызметкер, 275 көлік жүргізушісі бар. Медициналық авиацияда барлығы 69 адам болса, оның 25-сі дәрігер, 18-і орта медициналық қызметкер.
Осындай күшпен біздің ұжым өзінің алдына қойған айқын мақсаты үшін жұмыла жұмыс жасап келеді. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде ғана 128 359 шақыру түсті. Облыс бойынша тәулігіне орта есеппен 719 шақыру қабыданады. Айта кетсек, таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін 331 шақыру, кешкі 6-дан түнгі 12-ге дейін 262, түнгі уақытта 126 шамасында шақыру түседі.
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/294-kimni-bolmasyn-auyryp-inal-an-kezde-sh-yl-t-rde-telefondy-alypzhedel-zh-rdem-yzmetine-telefon-shalady.html#sigFreeId972232a400