Практикалық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының (бұдан әрі — ЖЖМҰ) мамандары Целиноград ауданы мен Қосшы қаласының Жедел жәрдем станциялары мен бөлімшелеріне жұмыс сапарымен барды.
Целиноград ауданы 16 ауылдық округ пен 49 елді мекеннен тұрады. Бекітілген халық тіркелімінің деректері бойынша Целиноград ауданының МСАК ұйымында 53698 адам тіркелген, іс жүзінде 67020 адам тұрады, аудан әкімдігінің деректері бойынша 150000-нан астам адам тұрады.
Целиноград ауданының тұрғындарына жедел медициналық көмекті тәулік бойы жұмыс істейтін 9 бригада көрсетеді.
2022 жылдың 1 жартыжылдығында 16754 өтініш орындалды 12674 қоңырау, бірінші санат бойынша 1637(13%), екінші санат бойынша 1723(13,5%), үшінші санат бойынша 4898(37%), төртінші санат бойынша 4416(35%) оның ішінде 882(20%) МСАК жанындағы ЖМК қызмет көрсетті.
Уақыт бойынша 08.00-ден 18.00-ге дейін барлығы 6450(47,1%) ; 18.00-ден 24.00-ге дейін барлығы 4153(33%); 24.00-ден 08.00-ге дейін барлығы 2071(16,3%) өтініш.
Қосшы қ. бөлімшесі қызмет көрсету аймағына Қызыл-Суат, Тай-төбе ауылдары кіреді. Бекітілген халық тіркелімі бойынша 27 683 адам тұрады, әкімдіктің деректері бойынша іс жүзінде 80 мыңнан астам адам тұрады. 23 фельдшер және 10 жүргізуші жұмыс істейді, жеке диспетчерлік бөлімі бар.
Өткізілген іс-шаралар:
- Целиноград ауданы мен Қосшы қаласының барлық бөлімшелерінде анықталған бұзушылықтар мен проблемалық мәселелерді талқылай отырып, қызметкерлермен кездесулер өткізілді;
- Целиноград ауданы мен Қосшы қаласының барлық бөлімшелерінде халыққа шұғыл көмек көрсету бөлігінде операциялық рәсімдер стандарттарын сақтау бойынша семинарлар өткізілді;
- ахуалдық міндеттерді талдай отырып, медицина қызметкерлерінің этикасы мен деонтологиясын сақтау бойынша тренингтер өткізілді;
- Целиноград ауданы және Қосшы қаласы әкімдігімен жедел медициналық көмек бөлімшелерімен өзара іс-қимыл және көмек көрсету бойынша меморандумға қол қойылды;