Жедел жәрдем қызметі мен оның қызметкерлері қоғамда өте маңызды, олар күн сайын жүздеген адамның өмірін құтқарып, шұғыл шақыруларға жедел жауап береді. Олар үшін жерлестеріміздің денсаулығы-маңызды басымдық.
– ҚР Конституциясы күні қарсаңында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы директорының орынбасары А.Казизованың төрағалығымен жұмыс тобы Қорғалжын ауданына барды.
Қорғалжын ауданының жедел жәрдем бөлімі ОАА екі қабатты ғимаратының оң қанатында орналасқан. Фельдшерлер кезекшілік ететін бір шағын бөлме және медицина қызметкерлерінің демалу бөлмесі.
Станцияда барлығы төрт медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері жұмыс істейді. Халыққа жедел көмек көрсетуге арналған автомобиль-2 бірлік, жақсы жағдайда жүретін машиналар.
Ұжым кішкентай, жас және өте тату. Ауылда өзара көмексіз қиын, тек ауылда ғана емес.
Жыл басынан бері барлығы Қорғалжын бригадасы мыңнан астам шақыруға қызмет көрсетті, оның ішінде 11% бірінші санат бойынша,35% екінші санат бойынша,27% үшінші санат бойынша және 28% төртінші санат бойынша. Қызмет көрсету радиусы 15-35 км. халық саны 3678 адам.
Көрсетілген кезең бойынша кешігулер жоқ. Сонымен қатар, фельдшерлер пациенттер мен олардың туыстарының алғыс хаттарына ие.
Сапар нәтижесі бойынша медицина қызметкерлерімен кездесу өтті, проблемалық мәселелер анықталды, шешу жолдары белгіленді.
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/322-skromnye-soldaty-skoroj-pomoshchi-2.html#sigFreeId121031b68f