ҚР Конституциясы күніне орай Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Е.Сыздықовтың алғыс хатымен Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының аға дәрігері Бузина Тамара Ивановна марапатталды.
Тамара Ивановна жедел жәрдем станциясында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеді. Біздің кейіпкеріміз 70 жасқа толды, бірақ ол әлі қатарда. Ол жұмысын жалғастыруда және өз тәжірибесін жедел жәрдемнің жас фельдшерлеріне үздіксіз беруде. Педиатриялық қызметте және шұғыл медициналық көмек көрсетуде үлкен тәжірибесі бар. Үнемі біліктілігін арттырумен айналысады, бірнеше рет институттар мен ғылыми орталықтарда жетілдіру курстарынан өткен. "Педиатрия" мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар. Қызметкерлер мен пациенттер арасында лайықты құрметке ие.
Құрметті Тамара Ивановна Сізді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сізге денсаулық сақтау ісіне қосқан жеке үлесіңіз, жоғары кәсібилік пен жауапкершілігіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.Сізге денсаулық, бақыт, күш пен оптимизм тілейміз.
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/326-nash-milyj-doktor-2.html#sigFreeId295f807d69