Конституция күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Медицина Қызметкерлері Қоғамының ұйымдастыруымен өткізілген «Денсаудық сақтау ісінің үздігі -2022»  республикалық байқауына белсене қатысып, ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін «Денсаудық сақтау ісінің үздігі» номинациясымен Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры орынбасары Әсемгүл Қабиденқызы Казизова марапатталды.

Әсемгүл Қабиденқызы  Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Мәдениет ауылында, көп балалы жан ұяда дүниеге келген.

2002 жылы оқуды тамамдағаннан  кейін еңбек жолын  бас маман қызметінен бастап, бөлімше жетекшісіне дейін, одан басқарма басшысы қызметіне дейін жоғарылаған. Аудан әкімінің орынбасары болып та абыройлы қызмет атқарды. Осындай еңбек өтілі, қызметте сатылап өсуі оның қандай қызметкер, қандай тұлға екендігінен хабар береді.

Ә.Қ. Қазизова – өз ісін жетіп білетін, тәжірибелі маман. Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар, яғни,  жоғары санатты дәрігер. Әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отырады. Қоғамдық және ұжымдық жұмыстарға белсене қатысады, спортшы. Табиғатынан ізденгіш, зерек те алғыр жан әрқашан, қай қызметінде жүрсе де көпшілікпен тіл табыса жұмыс жасайды. Ол үлкен ұйымдастырушылық қабілетке ие. Сондай-ақ, біз оны үлкен мемлекеттік тіл жанашыры ретінде де танимыз. Оның бойында үлкенді сыйлау, кішіге құрмет деген сияқты ұлтымыздың ізгі қасиеттері бар.

Әсемгүл Қабиденқызы біздің ұжымға келгеннен бері сол өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп келеді. Мамандармен тіл табысып, оларды жұмысқа ынталандыра да, жігерлендіре де алады. Өз міндетіне сай ұйымдағы  мәселелерді, кез келген проблемаларды тез арада шешеді.

Әсемгүл Қабиденқызы өзгеге де,  өзіне көп талап қоятын, новатор басшы. Өйткені, ол тұрғындар алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді.

Құрметті Әсемгүл Қабиденқызы Сізді Облыстық жедел жәрдем ұжымы атынан құттықтаймыз! Осы еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Әлі бұдан да биік белестерге жете беріңіз.