Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы (бұдан әрі – ОЖМЖС) әкімшілігінің бастамасымен ағымдағы жылдың 19-20 қыркүйегі аралығында ЖКС кезінде жедел медициналық көмек көрсету алгоритмі бойынша екі күндік семинар ұйымдастырылды.
Бас спикер ретінде медицина ғылымдарының докторы, профессор, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ДПО институтының терапевтік пәндер кафедрасының меңгерушісі Бедельбаева Гульнара Габдуалиевна сөз сөйледі.
Семинарға 75-тен астам ОЖМЖС медицина қызметкерлері қатысып, 48 фельдшер онлайн режимінде оқытылды.
Г.Беделбаева семинар қатысушыларына ЖКС клиникасы, себептері туралы айтып берді. ЖКС диагнозына толығырақ тоқталды. Спикер дұрыс диагноз қою үшін қандай қателіктерден аулақ болу керектігін түсіндірді. Спикер ЖКС кезінде медициналық көмек көрсету бойынша толық шолу жүргізіп, семинар соңында тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.
Семинарды ОЖМЖС директорының орынбасары А.Казизова қорытындылап, дәріскерге мазмұнды ақпараты үшін алғысын білдірді.
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/338-obuchenie-po-gosudarstvennoj-usluge-2.html#sigFreeId4278293874