Атбасар ауданының жедел жәрдем станциясының 65 жылдық мерейтой аясында іс шаралар өтуде.
Үстіміздегі жылдың 5 қазанында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы аудан әкімімен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге аудандық мәслихат депутаттары, бизнес өкілдері, медицина қызметкерлері, қызмет ардагерлері т. б. шақырылды.
Дөңгелек үстел аясында ағымдағы жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы бойынша ОЖМЖС директоры А. Высоцкий негізгі баяндама жасады. Александр Анатольевич халыққа шұғыл көмек көрсету денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық басымдық болып табылатынын атап өтті, өйткені біздің мамандар алдыңғы қатарда жұмыс істейді. «103» шақырған әрбір облыс тұрғыны сапалы медициналық көмек алуы керек.
Кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар жедел медициналық көмекті ұйымдастыру бойынша проблемалық мәселелерді талқылады.
Кездесу жылы жағдайда жемісті өтті, дөңгелек үстелге қатысушылар аудандық қызметке көмек көрсету бойынша ұсыныс жасады.
Дөңгелек үстелді аяқтаған қатысушылар барлық ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/348-atbasar-audanyny-zhedel-zh-rdem-stantsiyasyny-65-zhyldy-merejtoj-ayasynda-is-sharalar-tude.html#sigFreeIda0cbb2cb40