Мемлекеттік қызмет көрсету бақылауда Бүгін «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директордың орынбасары А.К. Казизованың басшылығымен аудандық және қалалық қосалқы станциялардың фельдшерлерімен мемлекеттік қызметті сапалы көрсету, оның ішінде асқазан-ішек аурулары кезінде медициналық көмек көрсету ережелері тақырыбы бойынша онлайн режимде кеңес өтті. ПҚКІБ жетекшісі К.Е.Исмагамбетова тәжірибеден алынған жағдайларға клиникалық талдау жүргізді. Бас фельдшер Б.Е.Байтуканова «Асқазанды жуу» операциялық рәсімдер стандарты бойынша нұсқама өткізді. Облыстық станцияның 80-нен астам фельдшері қатысты.
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/360-p-kib-zhetekshisi-k-e-ismagambetova-t-zhiribeden-alyn-an-zha-dajlar-a-klinikaly-taldau-zh-rgizdi.html#sigFreeIdfac891a911