«Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК директордың орынбасары Асемгуль Казизованың басшылығымен қалалық және аудандық қосалқы станциялардың медицина қызметкерлерінің қатысуымен 2023 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік сатып алу жоспарын қалыптастыру бойынша онлайн режимде жиналыс өтті. Жиналыс облыстық станцияның формулярлық комиссиясы аясында өтті. Негізгі баяндамашы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлу пункті меңгерушісінің м.а. Антонина Микула сөз алды, ол әріптестеріне мемлекеттік сатып алу жоспарына енгізілген өзгерістерді баяндады. Бөлім жетекшісі Сапура Базарбекова 2022 жылдың қорытындысы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды пайдалану бойынша сараптама нәтижелерін айтты. Бұдан басқа, келесі жылға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру шеңберінде аудандық және қалалық қосалқы станциялардың дәрігерлері мен фельдшерлерінің ұсыныстары тыңдалды.
Облыстық станцияның 75-тен астам медицина қызметкері қатысты.
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/361-d-rilik-zattarmen-amtamasyz-etu-basty-ma-sat.html#sigFreeIda218c2c06c