Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды. 

Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деп тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!