Халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық қызметтер сапасының жеделдігін жақсарту мақсатында 2018 жылдан бастап Ақмола облысында Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына (бұдан әрі - ОЖМЖС) қарасты медициналық авиация бөлімшесі жұмыс істейді. Медициналық авиация бөлімшесінде көпсалалы облыстық және балалар ауруханасының жоғары білікті мамандары жұмыс істейді.
2022 жылы өңірлік санитарлық авиация бөлімшесі 41 ұшуды орындады (2021 жылы – 27 ) облыс халқына 44 (2021 жылы -28 ) медициналық қызмет көрсетті. Олардың басым бөлігі қанайналым жүйесінің жарақаттары мен ауруларын алған пациенттерге шұғыл көмек көрсету болып табылады. 27 (2021ж- 61,3%) тасымалдау жүзеге асырылды, аудандық ауруханалар жағдайында 13(2021ж- 29,5%) операция орындалды, жергілікті жерлерде 4 (2021ж- 9,0%) күндізгі консультация өткізілді.
Пациентке әуе жолымен ұшу мүмкіндігі болмаған жағдайда, өңірдің климаттық жағдайларына қарамастан, мобильді бригада жерүсті көлігімен шығады. Дәрігерлер ауыр науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін медициналық авиацияның санитарлық көлігімен 352 ( 2021 жылы - 406) шығуды жүзеге асырды. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері облыстық және елордалық клиникаларға 212 (2021 жылы - 283) көлік жүргізді. 68 (2021 жылы -56) операция, 86 ( 2021 жылы - 70 ) күндізгі консультация өткізілді.
Сондай-ақ, медициналық авиация қызметінің мамандары телефон арқылы 495 ( 2021 жылы -491) консультация өткізді,
Халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету жалғасуда.
https://103-kokshe.kz/kz/zhanaly-tar/404-meditsinaly-aviatsiya-b-limini-2022-zhyl-y-k-rsetkishi.html#sigFreeId5948da302e