ОЖМЖС директорының орынбасары А.К.Казизованың төрағалығымен ағымдағы жылдың қаңтар айында «Жедел медициналық жәрдемді шақыру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жедел кеңес өткізілді. Аталған мәселе бойынша жедел бөлім және АҚ жетекшісі И.А.Беспалова есеп берді, әрі қарай Щучинск қаласының ЖМЖ меңгерушісі Ш.С.Қазыбаева және Бұланды ауданының аға фельдшері К.Ж.Хасенова баяндама жасады.
Мәселен, ЖМЖ-нің 17 қосалқы станциясында тәулік бойы облыс тұрғындарынан шақыртулар қабылдау және жедел медициналық жәрдем бригадасына беру бойынша диспетчерлік қызмет жұмыс істейді.
ОЖМЖС деңгейінде мемлекеттік қызметті барлығы 69 бригада көрсетеді, оның ішінде 6 дәрігерлік бригада (9,0%). Қызмет көрсетілетін халықтың саны 784580.
Қаңтар айында барлығы 25390 өтініш тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4671 (6,0%) шақыртуға аз. Кеңес қорытындысы бойынша ОЖМЖС ведомстволық бағынысты ұйымдарының жетекшілеріне тапсырмалар берілді. Кеңеске облыстық жедел жәрдем станциясының 74 медицина қызметкері қатысты.