Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету –басты міндет Бүгін директордың орынбасары А.Қазизованың жетекшілігімен МӘМС жедел жәрдем бригадаларының дәрігерлері мен фельдшерлерінің қатысуымен онлайн режимінде апта сайынғы жиын өтті. Отырыс барысында бірінші мәселе бойынша ПҚҚ бөлімінің басшысы Қ.Исмағамбетова ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыс тұрғындарына жедел медициналық көмек көрсету – мемлекеттік қызметтерді көрсетуге талдау жасады.
Медицина бөлімінің меңгерушісі Базарбекова С.Р., ересек тұрғындарға медициналық көмек көрсетудегі кемшіліктер туралы сөз сөйледі.Сөйлеушілердің баяндамасынан кейін мамандар жедел жәрдем бригадаларының жұмысындағы негізгі аспектілерді талқылады. Жиын соңында тиісті тапсырмалар берілді.